Қаржы министрі жемқорлықтан түскен ақшаның арнайы шотындағы қаржы сомасын атады

574

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілінде жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерден түскен ақшаға арналған шотта 100 млрд теңгеге жуық қаржы барын атады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қаржы министрі жемқорлықтан түскен ақшаның арнайы шотындағы қаржы сомасын атады Фото: zakon.kz

Ведомство басшысының сөзінше, аталған қаржы республикада мектептерді салуға, білім мекемелерін жөндеуге бағытталмақ.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген қаржы "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына" жіберілуде.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында “жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс” екенін мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу