Қаржы министрлігі 1815 адамын қысқартқан

683

Соның өзінде салада 17 978 адам жұмыс істеп жүр. 

Қаржы министрлігі 1815 адамын қысқартқан

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ел алдындағы есебі кезінде ведомство сапындағы қысқартулар туралы мәлімет берді.  

"Мемлекет басшысының тиімсіз шығыстарды қысқарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы Қаржы министрлігінің штат саны 1 815 бірлікке оңтайландырылып, қазіргі уақытта штат 17 978 бірлікті құрайды. Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру аясында Қазынашылық және Мемлекеттік сатып алу комитеттері біріктірілді. Сонымен қатар, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ішінен Оңалту және активтерді басқару компаниясы Проблемалық кредиттер қорына қосылды. Ал Қаржы академиясы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілді. "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесі болса, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына берілгелі жатыр", - деді ол. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу