Қаржы министрлігі 516 млн теңгеге әуе көлігінің қызметтеріне тапсырыс бермек

519

Мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған лотты ұйымдастырушы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті"  республикалық мемлекеттік мекемесі" деп көрсетілген. 

Қаржы министрлігі 516 млн теңгеге әуе көлігінің қызметтеріне тапсырыс бермек Фото: martebe.kz

Әлеуетті өнім берушіден өзге де біліктілік талаптарымен қатар, әуе көлігінің "VIP-салондармен, VIP-персоналарға арналған жолаушы орнының шектелген санымен" жарақталуы талап етілген, деп жазады inbusiness.kz 

Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде лоттың атауы "кестесіз жолаушыларды тасымалдау бойынша әуе көлігінің қызметтері" деп көрсетілген. Өлшем бірлігі – бір қызмет, саны – 1. Қосылған құн салығын қоспағанда бірлік бағасы – 516 071 428.57 теңге. 

Өнім берушіден жолаушыларды кестесіз тасымалдау бойынша әуекөлігі көрсететін қызметтерді сатып алу шарттарының арасында ұшулардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; әуе кемесінің шұғыл ұшуын қамтамасыз ету: бағыт бойынша қиылысатын елдердің дипломатиялық рұқсаттарын алуды талап ететін халықаралық рейстерді қоспағанда, өтінімді алғаннан кейін 3 сағат ішінде әуе кемесінің (қолжетімділігі бойынша) дайындығын қамтамасыз ету және тағы басқа талаптар бар. . Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі – 2023 жылы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу