Қаржы министрлігі ақтөбелік шенеуніктің арызына қатысты жауап берді

749

Қылмыстық қудалауға қатысымыз жоқ. Қаржы министрлігі Ақтөбелік шенеуніктің сотқа түсірген арызына қатысты осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Қаржы министрлігі ақтөбелік шенеуніктің арызына қатысты жауап берді

Ведомстовоның баспасөз хатшысы Әлібек Әбділовтың айтуынша, Қаржы министрлігі бұл іс бойынша сотқа тек мемлекеттік қазынаның өкілі ретінде ғана қатысуда.

Еске салсақ, жыл басында Ақтөбе қалалық Тұрғын үй секторы бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова Қаржы министрлігін сотқа берген. Шағымға қарағанда, ол жасамаған қылмысы үшін заңсыз тергеуге алынған. Сондықтан оның моральдық өтемі ретінде 2 млн теңге өндіріп алуды қалайды.

Міне осы секілді, қоғамдық тәртіпті күзететін құқыққорғаушылардың, соттардың қателігінен қарапайым қатардағы халықтың зардап шегетін кездері бар. Күнде болып жатпаса да, мұндай оқиғалардың барын жоққа шығара алмаймыз. Мұнда кінәні кімге артамыз? Кім кінәлі: судья ма, тергеуші ме? Олай болса, соттардан біліксіз судьялар қашан кетеді? "Қазақстандағы сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігіне сенесіз бе? Адвокат Мейірбек Даубалаев пен Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай осы тақырып айналасында пікір білдірді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу