Қаржы министрлігі алаяқтық мақсатта құрылған 8 мыңнан аса компанияны анықтаған

822

Олар жалған шот-фактуралар жазған. 

Қаржы министрлігі алаяқтық мақсатта құрылған 8 мыңнан аса компанияны анықтаған

8 мыңнан аса біркүндік компания анықталды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрліктің дерегінше, олардың айналымы шамамен 2,8 млрд теңге. 

"Кәсіпкерлерге бұл заңбұзушылықтарды жою мүмкіндігі берілген. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері оларды тексермейді", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, бүгінде камералдық бақылау тиімділігі артқан, әрі тексерусіз 550 млрд теңге бюджетке түскен.

"Талдау барысында жалған шот-фактуралар жазатын біркүндік фирмалар да анықталды. Қазір мұндай салық төлеушілер саны 8 мыңнан асады. Бұл компаниялардағы қаржы айналым шамамен 2,8 млрд теңге. Олар бойынша ақпарат Қаржы мониторингі агенттігіне беріледі. Компаниялардың әрекетінде қылмыстың құрамы болса, агенттік қызметкерлері тергеу жүргізіп, істі сотқа жібереді", – деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу