Сапаны қадағалайтын тәуелсіз орган құру мәселесі бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Англия мен Уэльстің алқабилер институтының өкілдерімен кездесу барысында талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған органның кәсіподақ ұйымының құрамына Қазақстан Республикасының 5 аудиторлар палатасы, ҚР Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, KASE, АХҚО, аудиттелген субьектілер мен академиялық ортаның өкілдерін қосу ұсынылды.
ҚР Қаржы министрлігі бірнеше жыл бойы сапаны тәуелсіз бақылаумен қадағалау органын құру қажеттілігі мәселесін пысықтауда.
ҚР Қаржы министрлігінде өткен кездесуде ICAEW өкілдері өзге елдердің уәкілетті органдармен ынтымақтастық орнату бойынша тәжірибиелерімен бөлісті, сондай-ақ АСА сертификаттау моделін таныстырды.
Айта кетейік, ҚР Қаржы министрлігі аудиторлық қызметтер нарығында қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында және халықаралық тәжірибе негізінде аудиторлық қызмет саласында тәуелсіз қадағалау орган (Кәсіби кеңес) құруды бұрыннан жоспарлаған болатын.