Бұл туралы Үкімет отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2023 жылдың 6 айында камералдық бақылаумен 7,4 трлн теңгеге 258 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 35 892 рәсім бойынша заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері оларды жою туралы хабарламалардың 91% орындады", – деді спикер.
1 138 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудитпен бюджет қаражатының шамамен 644 млрд теңгесі қамтылды.
"Шамамен 113 млрд теңге сомасында қаржылық заң бұзушылықтар анықталды.
Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 101 млрд теңгеге заң бұзушылықтар жойылды.
Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 172 ұсыным берілді", – деді ведомство басшысы.