Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта борыштық индикаторлар, рұқсат етілген мәндер аймағында.
Былтыр мемлекеттік қаржыны басқаруға қатысты жаңа тұжырымдама қабылданған. Осы құжатқа сәйкес 2030 жылға қарай, үкіметтік борышты өтеу шығындары республикалық бюджет шығыстарының 10%-нан аспауы тиіс.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 7% шамасында болған. Айта кетейік, биылғы жылдың басында, Қазақстанның қарызы 25 трлн теңге болды. Оның ішінде 22 трлн теңге мемлекеттік қарыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу