Қаржы министрлігі келесі жылы еуробондтарды шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр

440

Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" порталына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Қаржы министрлігі келесі жылы еуробондтарды шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр Фото: antikor.com.ua

"Биыл еуробондқа қатысты шығару жоспарлары жоқ. Келесі жылы болуы мүмкін. Әдетте жаз, күзге қарай уақыт ең оңтайлы кезеңге жатады", - деді ведомство басшысы.

Ресурстың жазуынша, осы жылдың маусым айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның 2023 жылдың күзінде еурооблигацияларды шығаруды қарастырып отырғанын жеткізді. Алайда қыркүйек айында Қаржы министрлігі "Интерфакс-Қазақстан"-ға берген ақпаратында 2023 жылы еурооблигацияларды шығармау туралы шешім қабылданғаны, бюджет тапшылығы ішкі нарықтағы қарыздар есебінен жабылуы тиіс екенін айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу