Қаржы министрлігі қосымша құн салығы азайтылған импорттық тауарларды атады

1130

Мөлшерлеме 12 пайыздан 8 пайызға азайтылмақ.

Қаржы министрлігі қосымша құн салығы азайтылған импорттық тауарларды атады

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын импорттауда қосымша құн салығының мөлшерлемесін 12-ден 8 пайызға түсірілгенін мәлімдеді. Мұндай мөлшерлеме 1 қазанға дейін күшінде болады.

"Бұл норма тек әлеуемттік маңызы бар тауарларға қатысты. 28  наурыз бен 1 қазан аралығында аталмыш тауарлар қосымша құн салығының 8 пайыздық мөлшерлемесімен импортталатын болады. Электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі өзгертулері 2  сәуірден бастап енгізіледі. 28 наурыздан бастап импортталған тауарлардың шот-фактурасын 15 күннің ішінде осы тәртіп бойынша рәсімдеуге мүмкіндік бар. Тауарларды есепке тіркеу үшін салық төлеушілер жеке есеп жүргізуі керек болады. Өйткені басқа тауарлар үшін қосымша құн салығының импорттық мөлшерлемесі 12 пайыз күйінде қалады. Салық төлеушілер бұған дейін есепке алынып кеткен сомаларды 8 пайызбен есептеуге құқылы. Ол үшін тауарлардың жалпы құнын 8 және 12 пайыз мөлшерлеме айырмашылығының шегінде арзандату керек. Егер салық төлеуші бағаны түсірмесе, сату бағасы мен өзіндік құнын арасындағы айырмашылық артады да, коропоративтік табыс салығы алынады", – деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу