Сол арқылы салықтан жалтарып жүрген саудагерлер мен басқа да кәсіпкерлерді анықтамақшы. Осы саланы заңмен реттеу мақсатында ведомство картадан картаға қаржы жіберудің 2 түрін енгізбекші екен. Яғни жеке және кәсіпкерлік деп бөлінеді. Бұл ретте іскер азаматтар жеке шотты пайдалануы тиіс. Бұдан бөлек, бизнеске арналмаған шоттар арқылы түскен табысты айқындайтын жүйені әзірлеуді жоспарлап отыр. Бірақ оның нақты қандай болатыны әзірге жарияланбады. Қаперде болса, өткен жылдың соңында Қаржы министрінің бұрынғы орынбасары Берік Шолпанқұлов электронды транзакция жасалған бүкіл есепшотты салық органдары тексереді деп жұртты дүрліктірген болатын. Ел ішінде түсінбеушілік тудырған бұл мәселеге кейін президенттің өзі үн қатқаны да есімізде.