Қаржы министрлігі "Салықтық әмиян" қызметін таныстырды

1561

Жаңа жүйе 2020 жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. 

Қаржы министрлігі "Салықтық әмиян" қызметін таныстырды

Қаржы минстрлігі Astana Hub-та "Салықтық әмиян" қызметін таныстырды, деп хабарлады ведомстоның баспасөз қызметі. 

Аталған жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды. 

Қаржы минстрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салық төлеу жеңілірек болмақ. Бұрын олар көптеген реквизит толтырып, кейде қателіктер де жіберетін. Ал "Салықтық әмиян" төлемдерді бірыңғай реквизиттерден қабылдап, өңдейді. Бұл арада салық төлеушіге өтініш жазып жүрудің қажеті болмайды.

Айта кетсек, "Салықтық әмиянның" мобильді нұсқасы ҚР ҚМ МКК e-salyq мобильді қосымшасының платформасында жұмыс істейді, сонымен қатар электрондық үкімет порталында (egov.kz) және желтоқсан айының соңынан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (Homebank) мобильді қосымшасында, 2020 жылдан бастап Kaspi.kz мобильді қосымшасына енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу