Шекарада навигациялық пломбалар кеңінен қолданылмақ

636

"Көлеңкелі" экономика деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді"

Шекарада навигациялық пломбалар кеңінен қолданылмақ

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында жалған транзит болмауы үшін навигациялық пломбалар кеңінен қолданылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында орналасқан тоғыз автомобиль және бір теміржол өткізу пункттері жаңғыртылып жатыр. Жаңғыртылған өткізу пункттерінде интеграцияланған кедендік бақылау жүзеге асырылатын болады", – деді ол.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар деректер базасының жұмысын жеделдетуге, әкімшілендіруді жеңілдетуге және "көлеңкелі" экономика деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу