Қаржы министрлігі ШҚО-дағы екі ГЭС-ті жекешелендіруді жоспардан алып тастауды ұсынды

981

Қаржы министрлігі ШҚО-дағы екі ГЭС-ті 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстанға" сілтеме жасап.  

Қаржы министрлігі ШҚО-дағы екі ГЭС-ті жекешелендіруді жоспардан алып тастауды ұсынды

"Ұлттық экономика министрлігіне қажетті материалдар жіберілді",- деп хабарланған Қаржы министрлігінен.

Қазіргі уақытта мемлекеттік комиссияның отырысы болады деп күтіліп отыр.

Айта кету керек, қаңтарда ел үкіметі "басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері) декларациясын ратификациялау туралы" заң жобасын мәжілістен кері қайтарып алған. 

2021 жылы қарашада бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев БАӘ инвесторлары Қазақстандағы баламалы энергетика мен газ генерациясын дамытуға $6 млрд астам инвестиция сала алатынын хабарлаған.

Өскемен мен Шүлбі ГЭС-тері нарықтық құнын бағалау 2022 жылдың басында аяқталады деп жоспарланған болатын.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу