Қазақстанда ең көп салық төлейтін 50 компания белгілі болды

244

2024 жылғы түсімдерді талдау деректері бойынша.  

Қазақстанда ең көп салық төлейтін 50 компания белгілі болды Фото: gov.kz

Қаржы министрлігі бюджетке ең көп салық төлеген ТОП-50 компанияның тізімін жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көш басында "Теңізшевройл", Karachaganak Petroleum Operating B.V., және "Маңғыстаумұнайгаз" секілді компаниялар бар.

Бюджетке ең көп салық төлеген компаниялар мыналар:

  • "Теңізшевройл" – 3 триллион теңге
  • Karachaganak Petroleum Operating B.V. – 1,1 триллион теңге
  • "Маңғыстаумұнайгаз" – 304,5 миллиард теңге
  • Halyk Bank – 259 миллиард теңге
  • "Азиялық Газ Құбыры" – 224,8 миллиард теңге

Үздік ондыққа сондай-ақ төмендегі компаниялар кірді:

  • KAZ Minerals Aktogay (212 миллиард теңге)
  • "Норт Каспий Оперейтинг Компани" филиалы (210,7 миллиард теңге)
  • "Өзенмұнайгаз" (182,5 миллиард теңге)
  • "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" (178,7 миллиард теңге)
  • "Филип Моррис Қазақстан" (167,8 миллиард теңге)
  • Банктер арасында Kaspi Bank (22-орын, 107,2 миллиард теңге) және "Банк ЦентрКредит" (31-орын, 77,7 миллиард теңге) бар. Kaspi-дің еншілес компаниясы "Kaspi Магазин" 18-орынға көтеріліп, 118,3 миллиард теңге салық төлеген.

Мұнай-газ саласындағы компаниялар:

  • "Ембімұнайгаз" (167,4 миллиард теңге)
  • "Қаражанбасмұнай" (163,4 миллиард теңге)
  • "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" (127,9 миллиард теңге)
  • "ҚазМұнайГаз" (85,6 миллиард теңге)
  • "Chevron International Petroleum Company" (65 миллиард теңге)
  • "Қазгермұнай" (64,4 миллиард теңге)

Мұнай өңдеумен айналысатын кәсіпорындар:

  • Атырау мұнай өңдеу зауыты (154,5 миллиард теңге)
  • Павлодар мұнай-химия зауыты (142,6 миллиард теңге)

Тау-кен өндірісіндегі ірі салық төлеушілер:

  • "Қазақмыс корпорациясы" (132,2 миллиард теңге)
  • KAZ Minerals Bozshakol (117,4 миллиард теңге)
  • Altyntau Kokshetau (96,5 миллиард теңге)
  • "Бақыршық тау-кен кәсіпорны" (59,6 миллиард теңге)
  • RG Gold (56,6 миллиард теңге)
  • "Қазхром" (46,7 миллиард теңге)

Уран саласындағы компаниялар:

  • "Қаратау" (93,9 миллиард теңге)
  • "Инкай" бірлескен кәсіпорны (91,1 миллиард теңге)
  • "Оңтүстік тау-химия компаниясы" (80,7 миллиард теңге)
  • "Ақбастау" бірлескен кәсіпорны (63,8 миллиард теңге)
  • "Хорасан-U" бірлескен кәсіпорны (53,4 миллиард теңге)
  • "Катко" қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны (52 миллиард теңге)
  • Темекі өндірісінде "Джей Ти Ай Қазақстан" (160,4 миллиард теңге) және "Филип Моррис Қазақстан" (167,8 миллиард теңге) салық төледі.

Телекоммуникация саласындағы компаниялар:

  • "Қазақтелеком" (114,1 миллиард теңге)
  • "КаР-Тел" (Beeline және Activ брендтерінің иесі, 71 миллиард теңге)
  • "Қазақстан темір жолы" 93,8 миллиард теңгемен 27-орында, KEGOC 49,2 миллиард теңгемен 49-орында.
  • Құрылыс саласында жалғыз компания "Сенімді Құрылыс" (57,9 миллиард теңге), автокөлік саласында "Toyota Motor Kazakhstan" (64,6 миллиард теңге) болды.

Сонымен қатар тізімге "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры (60,6 миллиард теңге), QazaqGaz ұлттық компаниясы (50,9 миллиард теңге), "Жасыл даму" (64,9 миллиард теңге) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (53,7 миллиард теңге) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу