Қаржы министрлігі жаңа құзыретке ие болды

110

Қазақстанда квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына бақылау күшейтілді. Қаржы министрлігі квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құзыретіне ие болды.  

Қаржы министрлігі жаңа құзыретке ие болды Фото: gov.kz

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты ҚР Жоғары аудиторлық палатасына сілтеме жасап.

Бұрын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тиісті нормалар болмағандықтан, квазимемлекеттік сектор субъектілерін бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болмады. Осы мәселені шешу мақсатында заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып, нәтижесінде 2025 жылғы 10 қаңтарда Кодекстің 722-бабының 1-бөлігіне түзетулер енгізілді.

Қаржы министрлігі квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларындағы бұзушылықтарға жедел ден қойып, тергеулердің қорытындысы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік алды. Бұл шара сатып алу нормаларын мұқият сақтауға ынталандырып, жалпы сатып алу тәртібін арттырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес барысында барлық мемлекеттік сатып алу жүйесін және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуды қайта қарау туралы тапсырма берген болатын. Бұл өзгерістер квазимемлекеттік сектордағы сатып алу процестерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу