Қаржы министрлігі жеке тұлғаларға теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы төлеу ережесін әзірледі

927

Салымшыға өтемақы төлеу 2022 жылғы 23 ақпан жұмыс күнінің аяғында депозитте болған 20 млн теңге шегіндегі сомаға жүзеге асырылады, деп жазды inbusiness.kz.

Қаржы министрлігі жеке тұлғаларға теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы төлеу ережесін әзірледі

Салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, өтемақы 20 млн теңгеге дейінгі жалпы сомаға төленеді.

Сома қалай есептеледі? Депозиттегі ақшаны ішінара шешіп алмаған жағдайда 2022 жылғы 23 ақпандағы жинақ сомасына 10% қосылады. Қаржы 2023 жылғы 23 ақпанда төленеді. 

2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғандағы кезеңде депозиттен ақшаны ішінара алу кезінде өтемақы есептеу операциялық күннің соңында белгіленген депозиттегі ең аз сомаға жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ескеретін бір жайт өтемақы 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей өтініш арқылы келісімін растаған салымшыларға төленеді.

Жоба "Open NLA" порталында жарияланған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу