Қаржы министрлігінде жемқорлық 81% артып отыр

584

 Қаржы министрлігінде жемқорлық 81% артып отыр

Жең ұшынына жалғасқан жемқорлық Қаржы министрлігінде күрт өсіп отыр. Небәрі соңғы үш айда 58- факті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81 пайызға көп көрсеткіш. Бұл мәліметті бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жариялады. Заңсыздық негізінен, кеден және салық органдарында анықталған. Агенттік басшылығы министрлік тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар дұрыс жүргізілмей отырғанын айтады. Себебі, агенттік тарапынан күдік тудырған 15 факті бойынша алдын ала жіберілген ұсыныстың небәрі 5-уіне қатысты тексеріс жүргізілгенін айтады. Осы секілді немқұрайлы әрекеттер салдарынан осындай жағдайға тап болып отырмыз дейді Алик Шпекбаев.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары

Қаржы министрлігі орталық органдар арасында жемқорлық бойынша екінші орында. Тұтылғандардың 86 пайызға жуығы мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері. Былтыр мемлекеттік қызметкерге жат қылығы үшін 1 адам жауапқа тартылса, биыл алғашқы үш айдың өзінде 3 қызметкердің қылмысы әшкереленіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу