Қаржы министрлігінің делегациясы Сингапурға жұмыс сапарымен барды

539

Сапардың мақсаты PSA сингапурлық CrimsonLogic компаниясы әзірлеген Сингапурдың кедендік басқарудың ақпараттық жүйесін зерделеу қажеттілігі болды. 

Қаржы министрлігінің делегациясы Сингапурға жұмыс сапарымен барды

2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ өкілдерінің және CrimsonLogic сарапшылар тобының жұмыс сессиялары өтті. Total Facilitation Platform (TFP) платформасы мен Customs Management System (CMS) кедендік басқару жүйесінің жұмысын көрсету және талқылау жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, өзара іс-қимылды іске асыру кезінде мәселелерді пысықтау үшін екі тараптан бірлескен сарапшылар командасы құрылды. Олар Сингапурдың кеден қызметін дамыту және трансформациялау стратегиясы туралы ақпаратпен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу