Қаржы министрлігінің көлеңкелі экономикаға шамасы жетпей тұр

1070

Бұл бағытта Қаржы министрлігінің 2020 жылғы жоспары орындалмай қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы министрлігінің көлеңкелі экономикаға шамасы жетпей тұр

"Есеп комитеті резервтің едәуір артып, салықтық әкімшілендірудің жақсаруынан, көлеңкелі сектордағы үлестің қысқаруынан зор үміт күткен. Мәселен, Қаржы министрлігі 2020 жылы осының есебінен 1,5 трлн теңге көлемінде қосымша түсім түсетінін болжаған еді. Ал шынтуайтында, бұл сома әкімшілендірудің негізгі құралдары бойынша 7 есе аз түсті", - деді Наталья Годунова Мәжіліс отырысында 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Годунова сонымен бірге салықтық тексерулердің нәтижесі де көңіл көншітпейтінін айтады. Бұл көрсеткіш құқық қорғау органдары бастамашылық еткен тексерістерден қарағанда 2,5 есе төмен болып отыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу