Қаржы министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының функциялары өзгерді

723

Қазақстанда Қаржы министрлігі орталық аппараты мен ведомстволарының функциялары өзгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Үкімет қаулысына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының функциялары өзгерді

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 16 - тармақта: орталық аппараттың функцияларында: 81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "81) мақсаттарға қол жеткізу блогы бойынша операциялық Бағалау жөніндегі әдістемені республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп әзірлеуге және бекітуге қатысу", - делінген Үкімет қаулысында.
91) тармақша мынадай редакцияда жазылатын болды:
"91) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіту керек".
Сондай-ақ, Министрлер Кабинеті ережені тармақшалармен толықтыру туралы қаулы шықты 14-1), 143-1), 143-2), 143-3), 143-4) және 143-5). Олардың мазмұны мынадай:
"14-1) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
143-1) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкіл жіберу;
143-2) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіптік ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
143-3) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын әзірлеу және бекіту;
143-4) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
143-5) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту".
"Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1 - тармақтың он алтыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу