Қаржы мониторингі агенттігі: Биыл қаржы пирамидасына қатысты 92 іс қозғалды

600

Қаржы мониторингі агенттігі тек отандастарымызды ғана емес шетелдіктерді де алдап жүрген халықаралық деңгейдегі қаржы пирамидасымен күресіп жүр деп, жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Қаржы мониторингі агенттігі: Биыл қаржы пирамидасына қатысты 92 іс қозғалды Фото: inform.kz

Қаржы мониторингі агенттігі тергеу департаменті басшысының орынбасары Кенесары Бағбанұлының айтуынша, халықаралық "B2B қаржы компаниясы, өте қомақты мөлшерде, жылына 500%-дық мөлшерлемемен кэшбек қайтаруға уәде ете отырып, әшекей бұйымдарын сатқан. Қаржы алаяқтары "қомақты сыйақы береміз" деген желеумен азаматтарды ақша салуға көндіреді.

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда ғана емес Ресей елінде де жұмыс істейтін "Финика" аталатын компанияға қатысты тексеруді аяқтады. Бұл компания трейдерлікпен айналысып, салымшыларға өте жоғары пайыздық сыйақылар уәде берген.

"Финика" компаниясы білікті трейдерлер сауда жасайды деп алдап, салымшыға криптовалютамен сауда-саттық жүргізу платформасына тіркеліп, сауданы онлайн бақылау мүмкіндігін ұсына отырып, қомақты сыйақы алуға үгіттеген. Осылайша компания алдамшы картина арқылы азаматтардың ақша салуға тартқан", - дейді Кенесары Бағбанұлы.

Қаржы пирамидасына қатысты биыл 92 іс қозғалған, олардың 78-і тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу