Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғаны жалпақ жұртқа бірер күн бұрын-ақ белгілі болғанымен, құзырлы органдар тарапынан бүгін ғана растаған хабарлама таратылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бүгін Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті Оспанбек Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталғанын мәлімдеді.
Департаменттің дерегінше, тергеу жұмыстары Павлодар мұнай-химия зауытының функцияларын аутсорсингке заңсыз беру фактісі бойынша қозғалды.
Атап айтқанда, дизель отыны өндірісін сығымдау процессін негізсіз тапсырған деген айып тағылып отыр.
Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты күдікті О. Әлсейітовке қатысты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қаржы мониторингі департаменті басқа ақпаратты Қылмыстық Кодекстің 201-бабына сүйеніп, жарияламай отыр.
Ажар Дәулетова