Әнуар Жұмаділдаев еліміздің қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, делінген мекеменің ресми твиттер-аккаунтында.
Бұған дейін хабарланғандай, қаржы мониторингі комитетінің бұрынғы төрағасы Берік Шолпанқұлов желтоқсанның соңында қаржы вице-министрі болып тағайындалған болатын.
51 жастағы Әнуар Жұмаділдаев 2008 жылдан бері қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істейді. 2015 жылдың қаңтарынан бері қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетін басқарып келді. Ал оған дейін министрліктің мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу