Қаржы мониторингтік агенттігі Алтай Көлгіновке қатысты істі тергеп жатыр ма?

466

Бұл сұраққа агенттік ресми жауап берді.  

Қаржы мониторингтік агенттігі Алтай Көлгіновке қатысты істі тергеп жатыр ма? Фото: gov.kz

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов ақпарат айдынынан көрінбей кетті. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та оған қатысты тергеу жүріп жатыр деген "қаңқу" сөздер пайда бола бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ-та Көлгінов әкім болған кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар туғызатын жобаларды жүзеге асырған болуы мүмкін деп жазды. Ал жуырда ғана Астана әкімдігінің Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы ұсталған соң, Алтай Көлгіновке қатысты қауесет тағы да өршіді. ҚМА бұл хабарламаларға түсініктеме берді.

"Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Астана қаласының экс-әкімі Алтай Көлгіновке қатысты қылмыстық іс қозғау туралы ақпарат беру туралы өтінішіңізді қарап, ҚМА аталған тұлғаның қылмыстық іс қозғалып жатқан істерге қатысы жоқ екенін хабарлайды", - делінген редакцияның ресми сауалына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу