Қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін

1009

Жаңа агенттіктің басқару жүйесін үкімет анықтаса, ал тәртібі мен шарттарын Ұлттық банк басқармасы белгілемек.

Қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін

Елде қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі жаңа агенттік құрылуы мүмкін. Бұл туралы мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, депутаттар қарауына ұсынылған заң жобасындағы өзгертулер мен толықтырулар елдің экономикалық өсімін тұрақтандырады. Сондай-ақ жаңа мекеме қаржы саласындағы дербес бақылауды күшейтіп, салымшылар мен несие алушылардың құқықтарын қорғауға және қысқамерзімді несиелер санын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде 6 миллион 200 мың азаматтың атына тұтынушылық несие рәсімделген. Әр борышкердің орта қарызы шамамен 800 мың теңгеге жуықтайды.

"Жаңа агенттіктің басқару жүйесін үкімет анықтаса, ал тәртібі мен шарттарын Ұлттық банк басқармасы белгілейді. Жаңа орган басқармасының төрағасы мен орынбасарын ел Президенті 6 жылға тағайындайды. Ондағы мамандардың қызметтік-құқықтық мәртебесі де Ұлттық банк қызметкерлерімен тең болмақ", – дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу