Қаржы нарығын реттеу агенттігі Jýsan мен АТФ банкінің келісіміне қатысты түсінік берді

713

Алдын-ала келісімге сәйкес тәуекелдер АТФ банктің ағымдағы меншікті капиталы есебінен өтеледі. 

Қаржы нарығын реттеу агенттігі Jýsan мен АТФ банкінің келісіміне қатысты түсінік берді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сыртқы коммуникациялар басқармасының хабарлауынша, агенттік қос банк арасындағы келісімді қолдайды. 

"Агенттік банктер арасында қол жеткізілген келісімді қолдайды және банктердің бизнес-модельдерінің бірігуі банк секторының тұрақтылығына және екі банктің қаржылық және технологиялық басымдықтарын пайдалану есебінен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ететін болады деп есептейді. Jýsan банк және АТФ банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ банктердің клиенттері үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылады. Келісімді іске асыру үшін банктер депозиторлардың, кредиторлардың және банктердің өзге де клиенттерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын ескере отырып, ірі акционерлерді ауыстыруға агенттіктің келісімін алуға тиіс", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, қаржы институттарын қосу және біріктіру талаптарына сәйкес келісімнің нәтижесі бойынша инвестор біріктірудің соңғы өлшемдерін анықтау үшін кешенді тексеру жүргізеді. 

"Келісу талаптары қосу мен біріктірудің классикалық моделіне (M&A) сәйкес келеді, оған сәйкес тәуекелдер АТФ банктің ағымдағы меншікті капиталы есебінен өтелетін болады. Тұтастай алғанда, банктерді біріктірудің бұл моделі АТФ банктің қажетті қосымша провизиялар құру жөніндегі ағымдағы міндеттемелерін реттеуді, оны кейіннен Jýsan банктің сатып алуын және реттеушінің талаптарына сәйкес тәуекелдерді өтеу үшін капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыруды көздейді", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 2 қарашасында Jýsan банк пен АТФ банк акционері Ғалымжан Есенов Jýsan банктің АТФ банк акциясының 99,76%-ын сатып алуы туралы алдын-ала келісімге қол жеткізгені хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу