Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен AAOIFI меморандумға қол қойды

807

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ислам қаржы институттарының бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйымы (AAOIFI) Қазақстандағы исламдық қаржыландыру стандарттары мен бірлескен бағдарламаларын әзірлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен AAOIFI меморандумға қол қойды

"Қос тарап өзара ақпарат алмасуды, исламдық қаржыландырудың бірлескен бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеуде қолдауды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды", - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Ислам банкингінің қазақстандық банк секторындағы үлесі төмен – 0,26%. 

"Сарапшылардың пікірінше, сектордың әлеуеті зор", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда екі ислам банкі жұмыс істейді: Al Hilal және Заман-банк. 2020 жылдың соңына қарай аталған банктердегі жиынтық актив 81,9 млрд теңге болды, 2019 жылмен салыстырғанда активтің үлесі 45,5%-ға артқан. Соңғы үш жылдағы активтердің орташа жылдық өсімі – 30,3%.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу