Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы несиесі бар екенін айтты

283

Ол сенімді қарыз алушымын деген пікірде.  

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы несиесі бар екенін айтты Фото: zakon.kz/Оксана Даирова

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова несиеге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер агенттік төрағасынан "Сіздің несиеңіз бар ма?", – деп сұрады.

"Иә, кредиттерім бар. Менің ойымша, банктердің цифрландыру деңгейі өте жоғары. Банктің мобильді қосымшасы арқылы көптеген әртүрлі қызмет аламын", – деді спикер Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер "Сіз сенімді қарыз алушысыз ба?", – деп нақтылады.

"Тырысамын. Бірнеше мәрте қарыз алдым. Оны жауып бітірмегенше, көңілім жай таппайды. Қазір де қарызым бар", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Айта кету керек, бұған дейін Мәдина Әбілқасымова ұлттық рейтингтік агенттік не үшін қажет екенін түсіндіргенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу