Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк дивидендтерін бөлуді регламенттейтін қаулы әзірледі

Қаулы жобасы банктердің мемлекет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануына, сондай-ақ банктерді мемлекеттік борышты тезірек қайтаруға ынталандыруға бағытталған. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк дивидендтерін бөлуді регламенттейтін қаулы әзірледі Фото: gov.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, ҚР Ұлттық қорының, ҚР Ұлттық Банкінің және оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің акциялар және қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптарын бекіту туралы" қаулысы жобасын әзірлегенін хабарлайды.   

Қаулы жобасы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді.

"Қаулы жобасы қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптарын белгілейді.

Көрсетілген талаптар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бөлінбеген пайданы айқындау күнгі жағдай бойынша баланстық және  баланстан тыс есебінде мемлекет қаражаты бар екінші деңгейдегі банкке қолданылады", – деп хабарлады агенттік.

Қаулы жобасы банктердің мемлекет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануына, сондай-ақ банктерді мемлекеттік борышты тезірек қайтаруға ынталандыруға бағытталған.

Жобада бөлінбеген пайданы қалыптастыру кезінде қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және қалыпқа келтіру үшін мемлекет қаражаты пайдаланылатын басқа банктің акцияларын сатып алуға  және оларды Қазақстан заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты бөлінбеген пайданы ұлғайтуға оң әсер еткен, қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және қалыпқа келтіру үшін мемлекет қаражаты пайдаланылатын банктің капиталына өзгерістер қосылмайды.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында "Нормативтік құқықтық база" бөлімінде танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу