Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі деректерді талдау процестерін жетілдірмек

Реттеушінің "AFR" бағдарламалық өнімін 50 макроэкономикалық көрсеткіш арқылы талдау жасайды.  

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі деректерді талдау процестерін жетілдірмек Фото: 7kun.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі SupTech және RegTech бастамаларын іске асыру, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіру шеңберінде Python тілінде "AFR" пакетін әзірледі.

Ол "R" бағдарламалау ортасындағы осы аттас пакеттің аналогы болып табылады. 2022 жылы әзірленген "R"-дағы "AFR" пакеті пайдаланушылар арасында жоғары сұранысқа ие болды және 4 мыңнан астам рет орнатылған болатын.

"AFR" деректерді жүктеуден бастап модельдерді тексеруге дейінгі деректерді статистикалық талдау процестерін жүйелейді және автоматтандырады. "AFR" пакетінде меншікті және басқадан алынған функциялар жиынтығы пайдаланылады. Python нұсқасындағы "AFR" пакеті PyPI репозиторийінде (Python Package Index) қолжетімді.

"AFR" пакетінде "finratKZ" және "macroKZ" дерекқорлары бар. "FinratKZ" деректер жиынтығында дефолтты және стандартты топтарға бөлінген 400 қарыз алушы бойынша 29 қаржылық коэффициент бар. MacroKZ дерекқоры 50 макроэкономикалық көрсеткішті, сондай-ақ болжамды банктің тоқсан сайын 2010-2022 жылдар кезеңіндегі 10 симуляциялық деректерін қамтиды. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен қаржылық коэффициенттер бойынша статистикалық деректерді өзектендіру жаңа деректердің жариялануына қарай жүзеге асырылатын болады", – деп түсіндірді агенттік.

"AFR" бағдарламалық өнімі Агенттіктің зияткерлік меншігі болып табылады және ұсынымдық сипатқа ие. "AFR" пакетін  пайдалану қаржы институттарына деректерді статистикалық талдау процестерін жеңілдетуге және корпоративтік қарыз алушылардың дефолт ықтималдығын бағалаудың өзіндік моделін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, "AFR" банктерге қадағалап стресс-тестілеу және активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) шеңберінде модельдер әзірлеуді жеңілдетеді.

"Агенттік банктердің кредиттік тәуекелдерін бағалауды модельдеу тәсілдерінде сараптаманы арттыру және SupTech және RegTech технологияларын қолдану арқылы датаға негізделген қадағалау жұмыстары жалғастырады", – деп хабарлады реттеуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу