Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі экономикадағы тәуекел бойынша есебін жариялады

Есепте ел экономикасын дамытудың сыртқы және ішкі макроқаржы жағдайларының жай-күйін қамтылған. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі экономикадағы тәуекел бойынша есебін жариялады Фото: Хабар 24

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 1-тоқсандағы "Тәуекел жағдайындағы өсу" тоқсан сайынғы есебінің 5-санын жариялады.

Есепте ел экономикасын дамытудың сыртқы және ішкі макроқаржы жағдайларының жай-күйін сапалық түрде бағалау және олардың қысқа және орта мерзімді перспективада Қазақстанның ІЖӨ-нің шартты өсуінің әсері қамтылған.

Бағалау 2023 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша 19 макроқаржылық көрсеткіш бойынша өзекті статистикалық ақпаратты пайдалана отырып, Growth at Risk ықтималдық моделі негізінде жүргізілді, олар мынадай төрт топқа біріктірілген: ішкі қаржы жағдайларының (ішкі FCI), борыш жүктемесінің, сыртқы сұраныс пен сыртқы қаржы жағдайларының (сыртқы FCI) индексі. Бұл индекстер әр сектордың жай-күйін сипаттайды және макроқаржы жағдайларының түрлі аспектілерін көрсетеді.

GaR моделінің нәтижелері 2023 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша FCI жиынтық индексінің оң аймаққа өткенін көрсетеді, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда макроқаржы жағдайларының нашарлауын көрсетіп отыр.

FCI қосалқы индекстері бөлігінде сыртқы және ішкі қаржылық жағдайлардың индекстерінің жақсаруы баяулаған кезде кезінде ішкі сұраныс пен борыш жүктемесі барынша қатаңдауды көрсетті.

2023 жылғы 1-тоқсанда АҚШ пен Еуропаның банк секторындағы күйзелістерге, геосаяси шиеленістің сақталуына және ақша-кредит талаптарын қатаңдатуды жалғастыруға байланысты жаһандық рецессияға қатысты алаңдаушылық күшейе түсті. Бір жағынан жоғары инфляцияға, екінші жағынан қаржылық тұрақтылық пен рецессия тәуекелдеріне байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Осының аясында қор және тауар нарықтарында жоғары құбылмалылық пен белгісіздік байқалады. Мұның барлығы қысқа және орта мерзімді кезеңде Қазақстанның макроқаржылық тұрақтылығына  теріс әсер етуі мүмкін.

"GaR моделінің бағалауына сәйкес 2023 жылғы 1-тоқсанда макроқаржы жағдайларының нашарлауы ІЖӨ-нің шартты өсімін бір жылдан кейін 0,3 п.т.-ға  және орта мерзімді кезеңде 0,2 пайыздық п.т.-ға  төмендетеді. ІЖӨ-нің нөлден төмен шартты өсімінің ықтималдығы бір жылдан кейін 8%-ды, ал орта мерзімді перспективада 18%-ды құрайды", – деп хабарлады агенттік.

Сценарийлік талдау мұнай бағасы мен ФРЖ пайыздық мөлшерлемесінен теріс күйзелістердің экономикалық құлдырау ықтималдығын, әсіресе орта мерзімді перспективада (2 жыл аралықта) арттыратынын көрсетті.

Тұтастай алғанда, жаһандық рецессия тәуекелдері қаржы секторына жоғары пайыздық мөлшерлемелердің қысымына және стресстің нақты секторға ықтимал таралуына байланысты өсті. Мұндай жағдайларда дезинфляциялық саясатты жалғастыру және ықтимал қаржылық дағдарыстардың (оның ішінде монетарлық және макропруденциялық  саясат құралдарының жиынтығын пайдалана отырып) тиімді алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, сыртқы сұраныстың күтілетін қысқаруының және борыш жүктемесі өсуінің теріс әсерін икемдеу үшін мемлекеттік (оның ішінде мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып қаржылық) қолдау шараларын алдын ала әзірлеу маңызды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу