Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиринг қағидаларына өзгеріс енгізбек

106

Құжат Ашық НҚА порталында қоғам талқылауына шығарылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиринг қағидаларына өзгеріс енгізбек Фото: canva

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі клиринг қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.

Құжат банкаралық төлем карточкалары жүйесіндегі есеп айырысуларды автоматтандыруды көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Өзгерістер төлем карточкаларының банкаралық жүйесінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде өзара іс-қимыл схемасын оңтайландыруға бағытталған. Атап айтқанда, жоба "KASE клирингтік орталығы" АҚ-ның Ұлттық банктің есебінен қатысушының есеп айырысулары толық аяқталған кезде қамтамасыз ету сомасын автоматты түрде беру тетігін жетілдіруді көздейді, – делінген құжатта.

Бұл ретте қаражат қатысушының өкімінсіз Ұлттық банктің меншігіне беру арқылы аударылады. Өзгерістер банкаралық төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар үшін есеп айырысуларды аяқтау рәсімін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Әзірлеуші органның атап өтуінше, аталған нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жария талқылауда тұр. Қоғамдық талқылау 3 ақпанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу