Қаржы нарығын реттеуші банк жүйесіне жүргізген стресс-сынақтың нәтижесін бөлісті

443

Оған банк секторының 70 пайызын құрайтын 10 ірі банк қатысқан.

Қаржы нарығын реттеуші банк жүйесіне жүргізген стресс-сынақтың нәтижесін бөлісті  Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық банктер кез келген қауіп-қатерге дайын. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Реттеуші орган банк секторына стресс-тесті жүргізіп, Қаржы институттарының әр түрлі сынаққа төзімділігін тексерген. Сонымен, санкция қыспаққа алып, инфляция үдеп, жаһандық экономикалық дағдарыс болса, банктеріміз тұралап қалмай ма?

Стресс-сынаққа банк секторының 70 пайызын құрайтын 10 ірі банк қатысқан. Нәтижеге сүйенсек, қатты дағдарыс болған жағдайда капиталдың жеткілікті мөлшерінің көрсеткіші 17 пайыздан 13 пайызға түскен. Десе де, реттеуші нормаға сай екенін растап отыр. Агенттік өкілінің айтуынша, қиын сценарий өрбіген күннің өзінде, банктердің капиталы тұрақты, нормативті 5,5 пайыздық талаптан жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу