QazHome, Incruises, Q-net. Бұл қаржы пирамидасы болуы мүмкін деген ұйымдар тізіміне қосылған жобалар. Қаржылық мониторинг агенттігі бүгін осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Қаржы пирамидалары" деген тізімнің басында қазір тергеу жүріп жатқан 26 ұйым аты жазылған. Содан кейін, ісі сотта қаралып жатқан 6 жоба тізбектеліпті. Бұдан бөлек сот үкімі шыққан 25 ұйымды таба аласыз. Жалпы жыл басынан бері кибербақылау нәтижесінде 4 мыңдай сайт пен аккаунт бұғатталыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу