Соңғы кезде ел ішінде кең таралып жатқан "Куэстра Уорд" қаржы пирамидасының Қазақстан азаматтарына пайдасы жоқ, зияны көп. Депутат Бекболат Тілеуханов осылай дейді. Мәжілісмен Бас Прокурор Жақып Асановқа жолдаған депутаттық сауалында ел азаматтарының қаржылық надандығы туралы мәлесе қозғады.
Оның айтуынша, жыл сайын жаңадан қатарға қосылатын қаржы пирамидаларының аты өзгергенімен, заты байырғы қалпында қалып, көпшіліктің әлеуметтік және экономикалық жағдайына кері әсер етеді. Оның үстіне шетелдік компаниялар Қазақстан нарығына араласқаны үшін салық та төлемейді.
"Көп адам "Куэстро Уорд"-қа кіру үшін баспана, көліктен бастап бәрін сатып, тіпті несие алады. Егер мұндай компаниялардың ісін әшкерелеп, ноқталамаса, олардың елге келтірер зияны асқынып кетуі мүмкін", – дейді депутат.
Автор: Жалғас Зейнолла