Бұл туралы ҚР ҚМА басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов айтты.
"Қазіргі заманғы қаржы пирамидаларының қызметі бүгінде ұлттық шеңберден шығып отыр, осыған байланысты шетелдегі алаяқтық элементтер жандануда. Мәселен, соңғы екі жылда Қазақстанда "Q-net", "Finico", "Antares" және т.б. трансұлттық жобалар анықталды. Биыл Алматыда елімізде "Innova Gold" қаржы пирамидасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ анықталды. Олар 1,3 мың салымшыдан 1 млрд теңгеден астам қаражат тартқан. Компания қызметі лицензия негізінде Еуропадан алтын құймаларын импорттаумен байланысты болған делінген. Іс жүзінде бұған лицензиясы болмаған", - деді спикер.
Қаржы пирамидалары саласындағы трансшекаралық қылмыстың алдын алу үшін ҚМА халықаралық байланыстар орнатуда. Осылайша, ТМД елдерінің салықтық зерттеулер органдарының үйлестіру кеңесінің алаңында Қазақстан трансшекаралық қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобын құруға бастамашылық жасады. Барлық қатысушылар бұл ұсынысты қолдады.
Биылға арналған өзара іс-қимыл және жоспарлау тетігі әзірленуде, деректер алмасып өңір үшін жалпы қауіптер анықталып жатыр.