Қаржы пирамидалары жаңартылатын энергия көздерін де алаяқтық мақсатына пайдалана бастаған

289

Жыл басынан бері елордада 10 қаржы пирамидасының жолы кесілген.

Қаржы пирамидалары жаңартылатын энергия көздерін де алаяқтық мақсатына пайдалана бастаған Фото: canva.com

Бұл туралы Астана қаласының аға прокуроры Аслан Мәди айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Прокурор қаржы пирамидасының алаяқтары қарапайым халықты қақпанға қалай түсіретінін "Eolus Kazakhstan" қаржы пирамидасының басшысының үстінен қозғалған істі мысалға келтіре отырып түсіндірді.

Ол жаңартылатын энергия көзіне инвестиция салу желеуімен елден ақша жинағаны үшін бүкіл мүлкі тәркіленіп, өзі 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Тағы бір пирамида тауарды арзанға алып, қымбатқа сатуға болатынын айтып, елді алдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу