Қаржы пирамидаларын құру бойынша 68 қылмыстық іс тергелді

145

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қаржы пирамидаларын құру бойынша 68 қылмыстық іс тергелді Фото: gettyimages.com / Yevgeniy Sambulov

Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. 

Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды.
Шара "Тәртіпті өзіңнен баста!" эстафетасы аясында өткізілді.

"Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді", – делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.

Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу