Қаржы пирамидаларын жарнамалағандарға қатысты заң жобасы мақұлданды

626

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандарға қатысты заң жобасы мақұлданды

Құжат Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, қолданыстағы заңнамада бар құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу мақсатында әзірленді.

Жұмыс тобы заң жобасын заң ісі қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. 

"Мүдделі мемлекеттік органдардың, "Атамекен" палатасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, Парламентаризм институты өкілдерінің, сондай-ақ бірқатар құқықтанушы сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобының 7 отырысы мен Қаржы және бюджет комитетінің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді", – деді депутат Юрий Ли.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу