Қаржы пирамидасы: қазақстандықтардың 1 млрд теңгесі желге ұшты

709

ІІМ зардап шеккендерді іздестіруде. 

Қаржы пирамидасы: қазақстандықтардың 1 млрд теңгесі желге ұшты

Тағы да алаяқтық, тағы да сол қаржы пирамидалары. Бірақ бұл жолы күмәнді компанияларды атауы басқа. Ішкі істер министрлігі "Questra Holding ins", "Questra World", "Atlantic Global Asset Management", "five Winds Asset Managent" қаржы пирамидаларынан зардап шеккендерді іздестіруде. Аталған компаниялардың басшылары желіде жалған инвестициялық портфельдер сатқан. Олар халықты уақыт өте келе, салған ақшалары еселене түседі деп алдаған.  

"Олардан мыңдаған қазақстандықтар зардап шекті. Келтірілген шығын көлемі 1 млрд  теңгеден асады. Осыған байланысты ІІМ тергеу департаменті "Questra Holding ins", "Questra World", "Atlantic Global Asset Management", "five Winds Asset Managent" компаниялар тобынан зардап шеккендердің барлығын ІІМ-ге хабарласуды сұрайды. Аймақтардағы азаматтар жергілікті полиция бөлімшелеріне шағымдана алады", – деді Нұрділдә Ораз. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу