Қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жарияланды

185

Ол Өзбекстанның тумасы.

Қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жарияланды Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Ол 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Батыршина азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, "Thefiniko" компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып саналмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, ҚМА мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,

+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.
 
Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу