"Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісіне негізделген қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына жолдады. Оның аясында А. Құрманғалиев, Р. Бұрқанов, Д. Рахимова, Д. Ча, А. Рүстемов, Т. Қасенов, С. Қасенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Төребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтар айыпталып отыр",- делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Қаржы пирамидасы ісі бойынша, А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.
Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды.
Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор жүргізеді.
Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша айып тақты.