Қаржы пирамидасын құрған 3 алаяқ сотталды

860

Осыдан 2 жыл бұрын WhatsApp желісінде Befree тобын ашқан алаяқтар 14 күнде 50% үстемеақы беретіндерін айтып, адамдардан 22 млн теңге жинап алған.  

Қаржы пирамидасын құрған 3 алаяқ сотталды

Салымшылар қаржы пирамидасының "құрбаны" болғанын кейін білген, деп хабарлайды inbusiness.kz Қызылорда қалалық полиция басқармасының ақпаратына сілтеме жасап.

"Полицейлер күдікті ретінде 3 адамды ұстады. Оларға қатысты дәлелдеме  жинақталды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы жүргізілді.  Қызылорда қалалық соты айыпталушылардың әрқайсын 5 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды", – деп мәлімдеді Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу