Қаржы пирамидасын құрған: Грузияда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

423

Келтірілген шығын көлемі 3,6 млрд теңгеден асады.

Қаржы пирамидасын құрған: Грузияда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды Фото: 24.kg

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы  ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады. 

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде. 

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу