Қаржы пирамидасын құрған күдікті Испаниядан экстрадицияланды

435

Күдікті 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Қаржы пирамидасын құрған күдікті Испаниядан экстрадицияланды Фото: видео скриншот

Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады, деп хабарлайды сайты ведомствоға сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасының және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен "Questra Holding" компаниясын құрды деген күдікке ілінген.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әр түрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан.

Бұл топ 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған.

2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды.

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ұсталғанды экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы 2012 жылғы 21 қарашадағы шарттың болуына байланысты мүмкін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу