Қаржы пирамидасын құрған павлодарлық бес жылға сотталды

505

Ол тұрғындардың 32,5 млн теңгесін қалтасына басқан. 

Қаржы пирамидасын құрған павлодарлық бес жылға сотталды

Павлодар облысының 56 жасар тұрғыны үш жыл бұрын халықаралық компанияның құрамына кіріп, қалада қаржы пирамидасын құрған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ер адам бар-жоғы төрт айдың ішінде тұрғындардан 32,5 млн теңге жинап алған. Адамдар мұндай қомақты соманы оған өз еріктерімен ұстатқан.

№2 қалалық сотта күдіктінің кінәсі дәлелденіп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық-атқару жүйесін жазасын өтейтін ол бостандыққа шыққан соң да 4 жыл аралығында инвестиция мен қаржыға қатысты істермен айналыса алмайды. Сот бұған қатысты шектеу қойды.

Алайда сотталушы азамат мұндай шешіммен келіспей, кінәсін мойындаған жоқ. Сондықтан аппеляциялық шағым түсірді.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу