Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы астаналықтарға алты айда пәтер алып беруге уәде еткен

343

Күдікті жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы астаналықтарға алты айда пәтер алып беруге уәде еткен Фото: google.com

"Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін ҚМА астаналық департаменті әшкереледі.

ҚМА мәліметінше, ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісім-шарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген.

Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған.

Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу