Заң жобалары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" деп аталады.
"Заң жобасы Мемлекет басшысының қаржылық пирамидаларға қарсы
іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, қолданыстағы заңнамада бар құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу мақсатында әзірленді", - дейді мәжілісмен Марат Құсайынов.
Тасқын Болатұлы