Қаржы пирамидасына алданған салымшылардың ақшасы өздеріне қайтарылды

703

Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде "B2B Jewelry" қаржылық пирамидасының 197 салымшысына 123 миллион теңге қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қаржы пирамидасына алданған салымшылардың ақшасы өздеріне қайтарылды Фото: strana.today

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті "B2B Jewelry" зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды", - деп жазды ведомстводан.

Қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу әлі жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу